қазақша · русский · english
   

 

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2003 жылы Жастар ісі жөніндегі комитет (бұдан әрі - ЖІК) құрылған. Комитет өз қызметінде ЖІК туралы Ережені басшылыққа алады.


Комитет жұмысының негізгі бағыттары

- Университетте жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
- Комитеттің және оған қарасты бөлімшелердің жұмысын жоспарлайды және жоспардың орындалуын қадағалайды.
- Жастармен жұмыс жасаудың озық тәжірибелерін зерттеп, жинақтап, таратады. Өз қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіреді.
- Жастар саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар береді.
- Студенттердің нәсіліне, әлеуметтік, діни және тілдік ерекшеліктеріне қарамастан олардың теңдігін қамтамасыз етеді.
- Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің дамуына және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.
- Университеттің студенттік өзін-өзі басқару жұмысын үйлестіреді.
- Белгіленген тәртіпке сәйкес басқа ЖОО-ның студенттік өзін-өзі басқару органдарымен, жастар ұйымдары және құзырлы органдармен, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі комитеттерімен қарым-қатынас орнатады.
- Университеттегі студенттік бірлестіктер, шығармашылық клубтар, секциялар мен үйірмелердің жұмыстарын үйлестіреді.
- ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттарын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
- Мәдени-көпшілік, патриоттық тәрбие, құқықбұзушылықтың алдын алу және экстремизмді болдырмау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, толеранттық тәрбие беру және ұлтаралық келісімді қалыптастыру жұмыстары бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
- Дарынды студенттерді анықтау мақсатында байқаулар мен сайыстар ұйымдастырады.

 

Біз туралы ақпарат: Абай атындағы ҚазҰПУ ресми сайтында, instagram - «kaznpu_zhastary», smartstudents_kaznpu

 

1. Комитет туралы Ереже

2. Жоспарлар

3. Дәстүрлі шаралар

4. 2019 жылы - Жастар жылына арналған шаралар Жоспары

 

 

 

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары институттар бойынша: