қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.01.2022

Абай университетінің оқытушысы Республикалық БАҚ-тағы үздік жарияланым конкурсында 3 орынға ие болды

 

Жақында Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен жоғары оқу орнындағы ғылымды дамыту мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ең үздік жарияланым бойынша жыл сайын өткізілетін республикалық конкурс өтті. Аталмыш конкурста тілші-журналистер, ЖОО профессор-оқытушылары мен студенттері өз бақтарын сынап, 2021 жыл көлемінде БАҚ, интернет желісінде жарияланған мақалаларын ұсынды. Конкурс ережесі мен талабына сай әр номинация бойынша үздік жарияланымдар анықталып, марапаттауға ұсынылды. Республикалық конкурсқа қатысқан Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиетінің магистр-аға оқытушысы А.Н.Юсуп «Интернет жарияланымдардағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша ІІІ-орынды иеленді.