қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.01.2022

Жаратылыстану және география институтының оқытушылары - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері

 

«Болашақ» стипендиясы конкурсының қорытындысы бойынша оның иегерлерінің толық тізімі жарияланды. Бұл беделді халықаралық стипендия 569 қазақстандыққа берілді, оның 11-і Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары. Олардың арасында Жаратылыстану және география институтының оқытушылары Динара Қасымбекова, Тұрар Ақылбекова және Сыман Қуаныш бар. Олар Неджметтина Эрбакана атындағы университетте (Түркия) және Ла Сапиенца Рим университетінде (Италия) ғылыми тағылымдамадан өтеді.

 

Қасымбекова Динара - Химия білім беру бағдарламасы тобының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты. 2012 жылдан бастап жаратылыстану және география институтында студенттер мен магистранттарға ағылшын тілінде дәріс оқиды. Магистранттар мен докторанттардың эдвайзер және тәлімгері болып жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде оның жетекшілігімен 15 магистрант диссертация қорғады.

 

Ғылым және білім саласында айналысып жүрген тақырыптары бойынша Қазақстандық және шетелдік ғылым және білім баспаларында, сонымен қатар республикалық пен халықаралық ғылыми конференцияларында 80-нен аса ғылыми мақалалар жарияланды. Оның ішінде «Scopus» мәліметтер базасындағы импакт факторлы журналында - 2 мақала. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тізіміндегі журналдарда - 16 мақала; 2-өнертабысқа патент; 3 - оқу құралының авторы.

 

Марапаттары: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған медалымен; Абай атындағы ҚазҰПУ «Жылдың үздік оқытушысы-2019»; «Үздік ғылым кандидаты-2019» медалымен және т.б. көптеген марапатардың иесі.

 

Ақылбекова Тұрар - Химия білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты. Өзінің ғылыми қызметі барысында бірнеше зерттеу жобаларын жүргізді, 50 - ден астам ғылыми мақалалар жазды, оның ішінде 9-ы жоғары импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналда. Өз біліктілігін заманауи талаптарға сай арттыру үшін ол цифрлық технологиялармен қатар ағылшын тілін меңгерді және біздің университеттегі ағылшын тілді топтарда дәріс оқиды.

 

Сыман Қуаныш - Биология білім беру бағдарламасы тобының доценті, биология ғылымдарының кандидаты. Тағамдық биотехнология саласындағы маман. Қазіргі уақытта 12-ден астам ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде «Scopus» мәліметтер базасындағы импакт факторлы журналында - 1 мақала, 1 монографияның, 2 авторлық куәліктің авторы. И. Раззакова атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде «Тамақ өнімдерін өндірудің биотехнологиялық негіздері» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды.

 

Сертификат: Сertificate of completion. Successfully of English Language,in Abu Dhabi.

 

Марапаттары: «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «ЖОО үздік педагогы-2020». № 20-2505019 25.06.2020 ж.

 

Осылайша Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары қазақстандық ғылым мен білімнің дамуына үлкен үлес қосуда.