қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.01.2022

Институт профессоры үздіктер қатарында


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған «Үздік ғылыми қызметкер - 2021» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Филология және көптілді білім беру институтының профессоры, ф.ғ.д. Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы үздік деп танылды.

 

Аяпова Т.Т. - «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (1994), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (2020), «Қазақстан Республикасы ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2002), «Қазақстан Республикасы ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2007), «ҚР ЖОО-ның Ең үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік гранты (2007), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты - 2010 ж., «Құрмет» Ордені - (2014), «Еңбек Ардагері» Медалі - (2018), «Үздік ұстаз - Абай атындағы ҚазҰПУ» 2017, «Парасат» Ордені- (2021).


Таңат Тәңірбердіқызы республиканың жас мамандарын даярлауға және ғылым саласына зор үлес қосуда: Т.Т.Аяпова 300-ден астам магистранттарды, 7 ғылым кандидаттарын, 3 PhD докторларын дайындады.