Негізгі бет
Жаңалықтар
24.01.2022 Педагогикалық мамандықтар оқытушыларын 3 курс студенттерін дуальды оқытудан өтуге дайындау
Курсқа педагогика және психология, жаратылыстану және география, математика, физика және информатика, филология және көптілді білім беру, өнер, мәдениет және спорт институттарыннан 32 оқытушы қатысты.
Орталық оқытушылары Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б. курсқа қатысушыларды педагогикалық мамандықтардың 3 курс студенттерін қашықтан оқыту форматында педагогикалық практикадан өту үшін әдістемелік қолдау көрсетуде 2021-2022 оқу жылында басшылыққа алынатын нормотивтік-құқықтық құжаттармен, жаңартылған білім беру жағдайында білім сапасын қамтамасыз етуде оқу процессін ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерімен таныстырды. Олар коучинг және тәлімгерлікті тәжірибеге енгізудің, Lesson study мен Action research процесін ұйымдастырудың мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетудің артықшылықтары мен тәсілдерін талқылады.
|