қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.01.2022

Абай университетінің белсенді студенті

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті - бұл кез-келген ақпаратпен жұмыс істей алатын, өз қызметін талдай, бақылай және бағалай алатын, оқу үрдісінің белсенді және шығармашылық қатысушысы.

 

Біздің университеттің студенттері ғылым саласында да, басқа да салаларда да көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушылары және жеңімпазы болып табылады.

 

Соның бір мысалы, Жаратылыстану және география институтының «Биология» мамандығы бойынша білім алатын 4 курс студенті Есенбекова Қаракөз.

 

Студент Есенбекова Қаракөз әскери инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық «Патриот» турниріне қатысып, жүлделі III орынға иеленді, Алматы қ.

 

Есенбекова Қаракөз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырған «PRESIDENT CUP-I» студенттік дебат турнирінің финалисткасы, Павлодар қ.

 

Студент Есенбекова Қаракөз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «QORQYT ATA CUP» студенттер арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінде III орын алды, Қызылорда қ.

 

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН-ТӘУЕЛСІЗДІК» атты акцияға қатысты, Өскемен қ.