Негізгі бет
Жаңалықтар
28.01.2022 Біздің оқытушылар - ҚР білімі мен ғылымының мақтанышы
Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттерімізге берік білім беріп, олардың кәсіби өсуге деген құштарлығын арттырып, Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуына зор үлес қосып жүрген көптеген талантты профессор-оқытушылар қызмет етеді. Солардың бірі - еліміздің көрнекті филолог-лингвист ғалымы, С.Киров атындағы ҚазҰУ (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) түлегі Манаткүл Шаяхметқызы Мұсатаева Абай атындағы ҚазҰПУ-да 1988 жылдан бері қызмет етіп келеді. Филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, РЖА корреспондент-мүшесі, КазПРЯЛ вице-президенті, 345 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде: 9 монография, 2 жоғары оқу орнына арналған оқулық, 1 электронды оқулық, 34 оқу құралы, 10 сөздік. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының екі дүркін иегері (2005, 2012) және Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2015). Сондай-ақ Еуропалық алтын медаль және Еуропалық сапа дипломының иегері (Брюссель, Бельгия, 2013), 4 ұжымдық авторлық куәліктің иегері (2017, 2018). SCOPUS және Tomson Reuters басылымдарында 4 жарияланымы (бірлескен авторлықта, сондай-ақ бірнеше жұмыс, оның ішінде ҒДРИ индекстеуімен 2 ұжымдық монография) бар, Хирш индексі - 1. әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Лингвистика» мамандығы бойынша ҚР БҒМ РОӘК ОӘК сараптау тобының мүшесі, «ActaPolono-Ruthenica» журналы редакциялық алқасының мүшесі (Ольштындағы Варминь-Мазур университеті, Польша). М.Ш. Мұсатаеваның жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты және 2 PhD докторы диссертацияларын қорғады.
Соңғы бес жыл ішінде М.Ш. Мұсатаева шақырылған профессор ретінде Калифорния университетінде (АҚШ, 2015 және 2016), Слупск қаласындағы Помор академиясында (Польша, 2019), Варминь-Мазур университетінде (Ольштын, Польша, 2020) дәрістер оқыды. Үш жобаның орындаушысы болды:
1) AmericanConsul желісі бойынша орыс тілін үйренетін американдық жоғары оқу орындарының студенттері үшін қазақ тілінде «Salem, Kazakhstan!» электронды оқулығын жасау бойынша халықаралық жобасы (Вашингтон-Лос-Анджелес, 2015-2016).
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 2015-2017 жылдарға арналған «Әлеуметтік практика саласында дискурстық стратегиялар мен ықпал ету құралдарының инновациялық қоғамдық-гуманитарлық кластерін әзірлеу» жобасы.
3) Лос-Анджелестің Калифорния университетінің «Intercultural Verbal communication of American and Kazakh students Engaged in the Study of Russian» 2021-2022 жылдарға арналған халықаралық жобасы.
Әлемнің жетекші университеттерінің ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті: Калифорния университетінде (АҚШ, 2019); Токио университетінде (Жапония, 2013), University of California (АҚШ, 2006 және 2013); Бакнелл университетінде (АҚШ, 2013), Үндістанда тілдік тағылымдама under ITEC / SCAAP (Үндістан, 2009), Ольштын қаласындағы Варминь-Мазур университетінде (Польша, 2012, 2013), (Словакия 2018), Бухарест университетінде (Румыния, 2010), Дюссельдорф университетінде (Германия, 2012), Қазақстанда: Өрлеу (Алматы 2016), НЗМ (Нұр-сұлтан, 2019). Сертификаттар мен дипломдар алынды.
Профессор М.Ш. Мұсатаева диссертациялық кеңестер жұмысына мүше және төраға орынбасары ретінде белсенді қатысты (2015-2019 жж.), қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы 8D01702 - Тіл және әдебиет (Орыс тілі және әдебиеті) педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы болып табылады.
|