қазақша · русский · english
   

 

АСТАНАДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

 

2017 жылдың қараша айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұжымының ұйымдастырумен Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына арналған «Алаш - қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Әлем тарихы кафедрасының профессоры Айткүл Махаева қатысып қайтты.

Айткүл Махаева «Конференцияның берген тағлымы мол болды, қатысушылардың жасаған баяндамалар Алаш идеясының өміршеңдігін және қазіргі ұлттық рухани жаңғыруда алар орнының маңызын айшықтай түсті»- деп сыр бөлісті әріптестерімен.


Конференцияға алыс және таяу шетелден, сондай-ақ қазақстандық ғалымдардан 150-ге жуық ғылыми мақала жолданып, солардың арасында университетіміздің Гульзада Чаргынова, Надира Кырымжанова сияқты жас ғалымдарының ғылыми мақалалары жарияланды

 

  

 

 

ЖАҢАШЫЛ ОЙЛАУДЫ ҮЙРЕТКЕН ТРЕНИНГ


06.11. 2017 ж. - 08.11. 2017 ж. Тарих және құқық институтында Назарбаев университетінің тренері Қаратабанов Руслан Адилханович «Сыни тұрғыдан ойлау әдістемесі» тақырыбында тренинг өткізді. Трнеингке Тарих және құқық институтының профессор-оқытушы құрамы, 5В030100-Құқықтану, 5В020300-Тарих, 5В011400-Тарих, 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты. Тренинг барысында студенттер, магистранттар, оқытушы профессорлық құрамы үлкен белсенділік танытып, дәріс барысына қызу талқыланып отырды. Тренер Руслан Адилханович қатысушы аудиториядағы барлық тыңдаушыларды қызығушылықтарын таныта алды.
Тренинг институт оқытушылар құрамына да білімалушылар аудиториясына да пайдалы өтті.

 

  

 

«ДІНДАР ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖҮРГІЗУ»
тақырыбында оқыту семинары

 

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 10-11 қазан күні «Діндар әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу» тақырыбында оқыту семинары өтті. Аталған семинарға университет профессор құрамы мен қатар, Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары т.ғ.к. - Муратказин М.М., Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор т.ғ.д. - Тулекова М.К. және осы кафедраның аға оқытушысы, дінтану магистрі - Манапбаев Н. қатысты.
Семинар 2 күнге созылып, өте тартымды өтті. Іс-шара модераторы, ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының ғылыми іс жөніндегі орынбасар міндетін атқарушы - Әбуов Тұрар Түрегелұлы болды.
10 қазан күнгі семинар ашылуында алғы сөзді, Алматы қаласы Дін істері басақармасының басшысы - Есенбеков Айдар Рахымжанұлы сөйледі. Іс-шараға тағы да көптеген діни клубтардың басшылары мен жетекшілері сөйлеп, талқылау сағаты, сұрақ-жауаптар болды.
11 қазан күнгі семинарды Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. - Әбдірәсілқызы Айнұр ханым ашып, Әйелдер аудиториясымен діни экстремизмнің алдын алу және дерадикализация бағытында жұмыс жүргізудің теологиялық және тәжрибелік мәселелері жөнінде тұщымды ойларын ортаға салып, теориялық тұрғыда көптеген деректер мен дәлелдер келтіріп, ой қорытты.
Аталған семинар жоғары дәрежеде, өз деңгейіне сай өтті. Көптеген мағлұматтар айтылып, салиқалы сұхбаттар мен баяндамалар жасалынды. Семинар соңында пікр-талас болып, профессор-оқытушылар діни орталықтан келген қонақтарға өз сауалдарын қойып, берілген жауаптарға ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Семнардың қорытындысында, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. - Әбдірәсілқызы Айнұр ханым 2 күнге созылған семинарға қатысқан адамдарға өз қолымен сертификаттар таратты.