Негізгі бет
Жаңалықтар
31.01.2022 Инха университетінің халықаралық білім беру жобалары жөніндегі директорымен кездесу
2022 жылдың 28 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының директоры А.В.Таңжарықова, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.Х.Абдрахманова және Инха университетінің халықаралық білім беру жобалары жөніндегі директоры Ким Джун Хо (Оңтүстік Корея) арасында жоспардан тыс кездесу өтті. Ұйымдастырушы - корей тілі мұғалімі Нам Н.С.
Кездесуде қабылданған КББИ 2020-2025 Стратегиясы аясындағы мәселелер және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша жұмыс, Абай атындағы ҚазҰПУ-да екі дипломдық білім алу мүмкіндіктері талқыланды.
Ким Джун Хо өз еліндегі ең ірі университеттердің бірі және корей білімін шетелге экспорттауда көшбасшы болып табылатын Инха университетінің тұсаукесерін жасады, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей және т.б. сияқты елдерде академиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету туралы келісімдер туралы айтты.
А.В.Таңжарықова өкілдік еткен Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстандық студенттерді гуманитарлық бағытта, әсіресе корей тілі мен әдебиетін оқыту және Кореяда тілдік тәжірибеден өту мүмкіндігі тұрғысынан екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық танытты. Қ.Х.Абдрахманова атап өткендей, өткен жылы «Корей тілі» мамандығына 56 талапкер қабылданды және университетімізде оны дамытуға зор әлеует бар.
Кездесу барысында тараптар Ынтымақтастық туралы меморандум жасау бойынша жұмысты жалғастыруға және Ким Джун Хо Қазақстанға оралып, ағымдағы жылдың наурыз айында кездесу өткізуге келісті.
|