қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.02.2022

«Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері»

XXVІІ халықаралық симпозиумнің

Алтыншы Қазақстан жастар секциясы

 

2022 жылдың 30 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» XXVІІ халықаралық симпозиумнің Алтыншы Қазақстан жастар секциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар - Исалиева Сауле , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының жауапты хатшы, Педагогика және психология институты «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының аға оқытушы, Попова Татьяна, психология ғылымдарының кандидаты, Ресей білім академиясы Психологиялық институтының аға ғылым қызметкері, (Мәскеу қ.), Нархоз Университеті, Алматы қ. Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, Алматы қ. И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейі қолдауымен.

 

Қазылар алқасы жұмысына Манина Ирина, Кильдишова Алиса (Мәскеу психоанализ институты, Мәскеу, Ресей), Гитихмаева Людмила (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті), Арганчиева Динара («Turan» университеті, Нархоз университеті), Власова Кристина (И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейі) қатысты.

 

Симпозиумнің техникалық модератор - Мамедова Екатерина, И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы.

 

Симпозиум жұмысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Нархоз университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Алматы қ. және Қазан қ. (Татарстан Республикасы, Ресей) мектеп, гимназия, лицей және колледж оқушылары қатысты.

 

Оқушылар мен студенттер номинациялары бойынша симпозиум жеңімпаздары мен лауреаттары:

 

Бірінші дәрежелі диплом - Бердыбаева Анель (Алматы қ. № 34 гимназия), Мадраимова Хилола (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).

 

Екінші дәрежелі диплом - Гоцкая Дарья (Алматы қ. № 125 жалпы білім беретін мектеп), Просандеева Ирина (Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті).

 

Үшінші дәрежелі диплом - Бекирова Ясмин (Алматы қ. № 60 гимназия), Перегрина Полина (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті).

 

Лауреаттар - Блажнов Вячеслав (Рузуддинов атындағы Жоғары медициналық-стоматологиялық колледжі), Жамбылбай Айдын (Алматы қ. М.Ганди атындағы № 92 мамандырылған лицей), Жунисханова Айрис (Алматы қ. № 39 мектеп-лицей); Громова Валерия (Қазан қ. № 179 гимназия - білім беру орталығы), Жаксыбаева Дилара (Нархоз университеті), Абдыкадыр Аружан (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті).

 

Интерактивті топтық жұмыс үшін қатысушылар бірінші немесе үшінші дәрежелі атаулы командалық дипломдар алды.

 

Ең белсенді қатысушылар үздік сұрақ-жауаптары үшін дипломдармен марапатталды.