қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.02.2022

Жас толқын


2022 жылдың 28 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтында «Көркем білім» және «Дизайн» кафедралары студенттерінің жарты жылдық емтихан қорытындысы көрмесі өтті. Көрмеге институттың профессор оқытушылар құрамы мен әр мамандықтың 1,2,3,4 курс студенттері қатысты. Институт директоры Т.М.Қожағұлов көрменің ерекшелігін айта отырып, «Жас толқын» студенттердің көрмесі арғаш рет «Жасампаз» галереясында ашылғанын атап өтті. Сонымен қатар студенттердің беделі мен шығармашылық жұмыстарының жақсы деңгейге көтеру мақсатында жасалып отырылған көрме, ары қарай дәстүрлі форматта жалғастығын табатынына және де студенттер көрмесі жылына екі мәрте ұйымдастырылып жұмыс жасалынатындығына ерекше назар аудару керектігін білдірді.

 

   

 

«Көркем білім» және «Дизайн» кафедралары