қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2024

Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы филиалының семинары


2024 жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияда жұмыс тобының жетекшісі, п.ғ.д., профессор Ж.Қ.Балтабаеваның ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты «Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасы филиалының кезекті семинары өтті. Семинарда филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Оспанов Еділбай «Академиялық жазылым» пәнінен дәріс оқып, эссенің түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары, эссе тақырыптары жайында баяндап, эссе жазу үлгілеріне талдау жасады. Мектеп мұғалімдерінің сауалдарына жауап берді.

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу