Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
06.12.2024
«Ұлттық білім беру жүйесінің интеграциялық сипаты» 2 курс докторантының ғылыми-семинары 2024 жылдың 4 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс докторанты Ж.Н.Кумисбекова «Ұлттық білім беру жүйесінің интеграциялық сипаты» (профессор А.Қыраубаеваның шығармашылығы бойынша) тақырыбында ғылыми-семинар өткізді.
Ғылыми-семинар педагогикалық тренинг түрінде өтті. Мақсаты: А.Қыраубаевның шығармашылығы негізінде ұлттық білім беру жүйесінің интеграциялық сипатын айқындау.
Ғылыми-семинар аталған бөлімдерді қамтыды: «Шәкірт мүмкіндігі шексіз...» сыр-сұхбат; А.Қыраубаева мектебіндегі интеграциялай оқыту мен тәрбие моделінің негізі - «Төрттаған»; Бүгінгі менің ойым... А.Қыраубаеваның сауалнамасы ізімен студенттерден сауалнама алу; Интеграциялай оқыту арқылы ұлттық тұлға болмысын қалыптастыру.
Ғылыми семинар бырысында студенттер қазіргі білім беру жүйесіндегі ұлттық тұлға болмысын қалыптастыруға деген өз көзқарастарын білдіріп, ұлттық тұлға моделін жасады. «Ашық микрофон» айдары арқылы қатысушы оқытушылар ой-пікірлерін білдірді, ал, студенттерден Google оқу формасы арқылы кері байланыс жасалды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|