қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2024

«Тілді оқыту мотивациясы» пәні бойынша магистранттардың ғылыми-әдістемелік журналдарының тұсаукесері


2024 жылдың 05 желтоқсанында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 2-курс магистранттарының «Тілді оқыту мотивациясы» пәні бойынша өздері шығарған журналдарының таныстыру іс-шарасы өтті. Пән оқытушысы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жанат Дәулетбекова. Магистранттар «Лұғат», «ART+U» және «IQUP» атты 3 ғылыми-әдістемелік журналға тағылымды да, танымды ақпараттар жариялап, қазақ тілінің табиғатын Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов еңбектері арқылы талдаған. Сондай-ақ журнал айдарларының бірінде қазақтың ұлттық өлшемдері, туыстық атаулар мен тіл біліміндегі терминдердің мәнін түсіндіріп, ұлттық кодты ашқан. Әр журналда QR-код арқылы сан алуан танымдық ақпараттар мен мәліметтер жүктеліп, тілді тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері ұсынылған. Іс-шара барысында ғылыми-әдістемелік журнал өте жоғары бағаланып, оның таралу аймағын кеңейту керек деген ұсыныстар айтылды.


Журналдардың мазмұны, айдарлары, ақпараттары мен безендірілуінің таныстырылымы бойынша 1 орын - «IQUP», 2 орын - «ART+U» және 3 орын - «Лұғат» журналына беріліп, дипломдармен марапатталып, әртүрлі номинациялар тағайындалды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу