
Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
29.12.2025
Action Research зерттеу әдістері негізінде қазақ тілін оқыту әдістемесі сабағында жоба әдісі арқылы 3 курс студенттерінің зерттеушілік-танымдық қабілетін жетілдіру
2025 жылдың 9 желтоқсанында Филология факультетінде «Action Research зерттеу әдістері негізінде қазақ тілін оқыту әдістемесі сабағында жоба әдісі арқылы 3-курс студенттерінің зерттеушілік-танымдық қабілетін жетілдіру» тақырыбы бойынша студенттер дайындаған кәсіби-танымдық журналдардың тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шара Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Райгүл Сәдуақасқызы Рахметова мен педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рауандина Айтжамал Қалкенқызының жетекшілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен семинар сабақтарын жүргізетін педагогика ғылымдарының кандидаты Меруерт Алибаева және PhD докторы Жайдар Беласарова да өз топтарын дайындап, аталған жобалық жұмысқа белсенді қатысты. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні аясында Action Research әдіснамасына негізделген зерттеу екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер жалпы білім беретін үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әр сыныпқа арналған тапсырмалар жинағын әзірледі. Бұл жұмыс жұптық форматта іске асырылды. Екінші кезеңде студенттер топтық форматта кәсіби-танымдық журнал дайындап, зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын 11 топтың ішінен әділқазылар алқасы ең үздік бір журналды іріктеп, шешуші кезеңге ұсынды. Финалдық кезеңде осы 11 журнал өзара сайысқа түсті. Студенттердің кәсіби-танымдық журналдарын бағалауға филология факультетінің деканы Таңжарыкова А.В., Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Илиясова Н.Ә., Серік Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының өкілдері Қабатай Б.Т., доцент Қасен Е.С., доцент Молдағалы Б., оқытушы Іңкәр Мәлікқызы және 4-курс студенті С.Егемқұл қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Education Management School орталығының директоры, профессор Берікханова Айман Еженханқызы студенттердің Action Research негізінде жүргізген зерттеу жұмыстарына жоғары баға беріп, олардың ғылыми-ізденіс дағдыларын атап өтті.
Әділқазылар шешімі бойынша бірінші орын 301-топтың “Ңөң” журналына берілді; екінші орынға 305-топтың “Шамшырақ” журналы және 309-топтың “Төр” журналы ие болды; үшінші орын 304-топтың “JAÑA ÚRPAQ” журналы, 303-топтың “Таным” журналы және 308-топтың “Qadam” журналына берілді. Жобалық жұмысқа белсене қатысқан барлық студенттерге Райгүл Сәдуақасқызы мен Айтжамал Қалкенқызы өздерінің авторлық оқулықтарын табыс етті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|