қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.02.2022

Студенттер арасында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан челлендж өтті

 

2022 жылдың 14 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Әр өлеңі-бір әлем» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан челлендж өтті.

 

Аталған челлендж барысында студенттер ақынның әртүрлі тақырыптағы өлеңдерін оқып, бір-біріне жолдау арқылы жалғастырып отырды. Челленджге белсенді студенттерден филология және көптілді білім беру интитутының 1 курс студенттері Тоқмырза Әлия, Маратұлы Әлішер, 2 курс студенттері Байтлес Тоғжан, Мажитов Нұртуған, Қадыр Әділбек, сонымен қатар студенттік «Бірлік» Ассамблеясының төрайымы, қырғыз ұлтының өкілі Тоқтоғұлова Альназ, орыс ұлтының өкілі 3 курс студенті Анжелика Боловнева да қатысты.