Негізгі бет
Жаңалықтар
15.02.2022 Пікірсайыс: Қазақстан дамыған елдердің қатарына кіргізудің тиімді механизм тетігін ұсынады
Дүниежүзілік сайлау күні қоғамның санасын демократияландыру үдерісінің қайтымсыздығын қамтамасыз ету, қоғамды сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар ету, жас сайлаушылар арасында жоғары азаматтық ұстанымды, болашаққа жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі.
Осыған орай, 2022 жылдың 14 ақпан күні университетіміздің ұйымдастыруымен «Атамекен» ИПК мүшелерінің қатысуымен жастардың саяси сауатын дамыту, қоғамдық өмірге белсенділігін арттыру мақсатында «Қазақстан дамыған елдердің қатарына кіргізудің тиімді механизімін ұсынады» тақырыбында пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында осындай маңызды үдерістегі жастардың рөлі, Қазақстан өркендеп, қуатты заманауи мемлекетке айналуы үшін ел халқының ең белсенді бөлігінің білімі мен күшін қалай тиімді пайдалану туралы пікірлер айтылды.
Үкімет позициясында бақ сынаған «Тұғыр» фракциясының спикерлері Тарих және құқық институтының 3 курс студенттері Мухаметаллиұлы Өркен және Тасқұл Талғат үздік ойын көрсетсе, ал жеңіске жеткен оппазиция позициясында ойнаған «Алаш зиялылары» фракциясының спикерлері Психология және педагогика институтының 1 курс студенті Болатұлы Ерзат және Тарих және құқық институтының 4 курс студенті Әбдіқайымұлы Дінмұхаммед. Жастардың саяси сауатын дамытуға бағытталған аталмыш іс-шаралар алдағы уақыттада өз жалғасын таппақ.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент |