қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.02.2022

Талапкер-2022: мектеп директорларымен онлайн-конференция

 

2022 жылы 14 ақпанда «Кәсіп - болашаққа бастар жол» кәсіби бағдар беру аясында Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушылары Ж.М.Елемесова, Г.Сатбайдың ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры А.Қ. Алдановпен және Түркістан облысы, Келес ауданы, №39 Л.Жолдасов атындағы ЖОББМ директоры Ұ.Т Нысанбаевамен ZOOM платформасында онлайн-конференция өтті. Аталған мектептердің 11 сынып оқушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ жайлы жалпы мағлұматтар, сондай-ақ университет құрылымындағы Филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының мамандықтары туралы жан-жақты ақпараттар беріліп, мамандықтармен кеңінен таныстыру мақсатында презентация, бейнежазба түсірілімдері көрсетілді. Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Н.Әуесбекұлы, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі проф. К.Х.Абдрахманова, доцент Е.М.Молдасанов және аталған кафедраның аға оқытушылары Н.Р.Шенгелбаева , К.Т.Дуйсенова, Э,Ж.Қансейітова қатысты.

 

Университеттің жоғары оқу орындары арасындағы әлемдік нарықтағы орны мен халықаралық байланыстары туралы мәліметтер оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Мектеп оқушыларында қызығушылықтар тудырған аударма ісі, шығыс, шетел тілдері бойынша сауалдар, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер және ҰБТ-да грант ұту мүмкіндіктері, жатаққана мәселесі сияқты қойылған сұрақтарға, кәсіби бағдар беру форум мүшелері жан-жақты жауап берді.

 

Қазақстанның екі өңірінен қатысып отырған мекеме басшылары Абай атындығы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге ниетті түлектердің жеткілікті екенін айтып, алынған ақпараттар басқа да орта мектептермен бөлісуге тұрарлық екенін түйіндеді.