2017 жылдың 6 сәуір күні Тарих және құқық институтының Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы жыл сайынғы 5В011400-тарих, 5В020300-тарих, 5В011500-құқық және экономика негіздері білім бағдарламаларының 3,4 курс студенттерінің мемлекеттік және оқу-өндірістік педагогикалық тәжірибесінің қорытынды жабылу конференциясы өткізді. Студенттерге құттықтау сөздерімен Тарих және құқық институтының директоры, профессор Б.С.Жұмағұлов, Тарих және құқық институтының Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, профессор Ж.Нұрманбетқызы, Тарих және құқық институтының директорының оқу жөніндегі орынбасары Г.К.Балахметова, Тарих және құқық институтының Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Б.Қ.Абдығұлова, Педагогика және психология институтының доценті К.Т.Илахунов сөз сөйледі. Студенттер конференцияда тәжірибе барысы жайлы, өткізген ашық сабақтары жөнінде презентациялар,фото суреттер, видеолар көрсетіп өтті. Сөз сөйлеген студенттердің арасынан 5В011400-тарих мамандығының 4 курс студенті Сайлау Зере, 5В011400-тарих мамандығының 4 курс студенті Крупко Игорь, 5В011400-тарих мамандығының 3 курс студенті Садыбеков Ильяс, 5В011400-тарих мамандығының 4 курс студенті Ахметжанұлы Абай, 5В011400-тарих мамандығының 4 курс студенті Зейнелгабдылов Олжас, 5В020300-тарих мамандығының 4 курс студенті Тастанбеков Мадиярды ерекше атап өтуге болады. Келген қонақтар атап өткеніндей конференция өте жоғары деңгейде атап өтілді.
|