қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.02.2017

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Дайындық факультетінің шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының оқытушысы Ж.Б. Бейсбекова 07.11. 2016-08.02.2017жж. аралығында  Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласы, Іле педагогикалық университеті жанынан ашылған Абай орталығында қызметтік іссапарда болып қайтты.


Іссапар кезінде Абай орталығының ұйымдастыруымен Іле педагогикалық университеті Сыртқы істер халықаралық қатынастар басқармасының бастығы Н.Әденұлы және бөлім орынбасарлары Жан Хау мырза, Г.Көркемқызымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында екі университет арасындағы достығы мен халықаралық ынтымақтастығын дамыту мақсатында Абай орталығының 2016/2017 оқу жылына атқарылатын іс-шараларының жоспары талқыланып, Іле педагогикалық университеті ректоры, профессор Ма Уынха тарапынан бекітілді. Сонымен қатар, екі жақты университет студенттерінің шетелде ауысыммен тәжірибе алмасуы, білімін толықтырулары жайлы және университеттің білікті мамандарынның өзара тәжірибе алмасуы, семинар,тренинг өткізулеріне жан-жақты қолдау көрсету сондай-ақ, университет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі өрістету туралы кеңінен сөз болды.
Абай орталығында жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылды:
Абай орталығына қарасты «Аққайнар» сайтымен бірлесіп ұйымдастыруында 2016/2017 оқу жылына екі жақты келісімшарт негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ауысыммен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен Іле педагогикалық университеті, Шетел институтына қытай тілін меңгеруге оқуға келген 2,3курс студенттерімен Іле педагогикалық университеті қазақ тілі әдебиеті кафедрасының 1,2,3,4 курс студенттері және «Аққайнар» сайт жетекшісі Қ.Нұрғалиұлымен сайт мүшелері кездесіп, «Шетелде оқудың артықшылығы мен тиімлідігі» тақырыбында дебат түрінде сұхбат жүргізілді. Дебат барысында екі ел университет студенттері шетелде оқудың басты мақсаты, шетелде оқудың тиімді тұстары, пайдасы, профессор-оқытушылардың сабақта оқып үйренуде колданылатын әдіс-тәсілдері және екі ел оқу-ағарту жүйесіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары жөніндегі түрлі көкейкесті бай мазмұнды сұрақтар төңірегінде сөз қозғап, шетелде оқып-үйренуде алған әсерлері, тұрмыс жақта түрлі кезіктірген мәселелерін ортаға қойып, концерттік бағдарламамен ұштасып көңілді әзілі аралас өзара пікір алмасып сұхбаттасты. Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері қытай, ағылшын тілдерінде де өз ойларын ортаға салып өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ, бірі мың бұрала би билесе, бірі кәріс тілінде ән шырқап үлкен қошеметке бөленді. Осы орайды пайлана отырып, екі ел университет студенттері Университет басшыларына, қызметкерлеріне шетелде ауысыммен оқуларына үлкен мүмкіндік бергеніне алғыстарын білдірді. Дебат соңында «Аққайнар» сайт жетекшісі Қ.Нұрғалиұлы, сайт мүшелері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен келген студенттерге өз ризашылықтарын білдіре отырып, естелікке сый тартуларын тарту етіп, Қазақтың ұлы ақын-ойшылы Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық- ай» әнін орындап суретке түсті.
Абай орталығында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оның рухани мұрасын насихаттау мақсатында және де еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жайлы қысқаша мағлұматтар бере отырып, студенттердің (дайындық топтарында, бакалавр, магистратурада, доктарантурада) білім алуын тарту мақсатында және шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының шетел азаматтарымен де тікелей жұмыс жүргізетіндігі сонымен бірге, ТОРФЛ тест тапсырушы шетелдік азаматтарға кеңес беру орталығының Халықаралық ТОРФЛ сертификатына дайындау курстарының жүргізілетіні жайлы айтылып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын Іле педагогикалық университеті студенттері назарына бейнебян, слайд түрінде көрсету арқылы шетелде сапалы жүйелі білім алудың қажеттілігін түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, Абай орталығында Іле педагогикалық университеті Сыртқы істер халықаралық қатынастар басқармасы және қытай тілі профессор-оқытушылары тарапынан Қазақстанның әр қаласынан келген студенттердің тәжірбие алмасуы барысында сертификаттар табыс етілді.

 

Ақпаратты дайындаған: Ж.Б. Бейсбекова