«Достоевскийді бірге танимыз» халықаралық әдеби қонақжай шарасы
2022 жылдың 18 ақпанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ТМД-ның мәдени мұрасы жылына арналған «Достоевскийді бірге танимыз» тақырыбында әдеби қонақжай шарасын өткізді.
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері және Алматы қаласының № 165 мамандандырылған лицейінің оқушылары осы кеште белгілі тұлғалармен кездесіп, жазушы туралы көптеген мәлімет білді.
Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығының консулы, Россотрудничество өкілі Т.Барышникова Қазақстандағы ТМД елдерінің мәдени мұрасын насихаттау жөніндегі жұмысы туралы баяндап берді. Ф.М. Достоевский туралы қызықты суреттермен егжей - тегжейлі әңгіме тыңдаушыларға В. И. Даль атындағы орыс әдебиеті тарихы мемлекеттік мұражайы бөлімінің меңгерушісі П. Фокин «Мәскеудегі Достоевский үйі» мұражай орталығы (Мәскеу) ұсынды. Семейдегі жазушының өмірі туралы Ф.М.Достоевский (Семей қ.) әдеби-мемориалдық мұражайының экспозициялық-көрме секторының меңгерушісі В. Соловьева әңгімелеп берді.
Достоевский мұрасын театр өнерімен шығармашылық тұрғыдан игеру мәселесі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Марина Ганцеваның өнер көрсету тақырыбына айналды. Ол жазушының шығармаларына негізделген М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының қойылымдарына қатысқаны туралы айтты. Актриса басқаратын «Созвездие Андрес» («Андрес шоқжұлдызы») балалар театр студиясының оқушылары да ұлы жазушының шығармашылығына тоқталды.
Ай сайынғы әдеби қонақжай шаралары барысында оқушылар мен студенттердің қазақстандық және ресейлік әдеби мұражай қызметкерлерімен кездесу орнына айналды. Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева барлық қатысушыларға шын жүректен алғысын білдіріп, кафедра оқытушысы Марина Асылбекованың ұйымдастырған қашықтық экскурсиялары жас әдебиет сүйер қауымның ой-өрісін кеңейтіп, эмоцияларын байыта түсетінін атап өтті.