қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2021

ҚР Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесіне орай еріктілерді марапаттау


2021 жылдың 10 желтоқсанында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай, «Мейірім» клубының қоғамға риясыз қызмет ету үлгісінде белсенділік танытқан «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 2-3 курстың ерікті-студенттерін университет ректоры Д. Біләловтың арнайы «Алғыс хатымен» марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау шарасында университеттің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры - Ш.Нұрланов, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры Қ.Бекпенбетова, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Ділдәбек Д. және «Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі Г.Ширинбаева ерікті студенттерді университеттің тұрақты дамуы жолындағы міндеттерін жүзеге асыру үшін белсенді атсалысуға шақырып, еріктілерге алғыс хаттар табыстады.


Айта кету керек, 2021-2022 оқу жылы «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 2-3 курстың ерікті-студенттері әлеуметтік жобаларға белсенді түрде қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандардың еміне қаражат жинау қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды.


Шара соңында жеке-жеке сөз алған ерікті студент жастар алдағы уақытта өркениетті ел болудың жолында риясыз қызмет етуге дайын екендігіне сенім білдірсе, педагогтар еріктілердің қашанда шабытты биіктерден көрінуіне сәттілік тіледі.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

«Мейірім» еріктілер клубы




Кері оралу