қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2022

«Армысың, нұр-көктем» мерекелік іс-шарасы


2022 жылдың 8 сәуірінде 1-ші курс «6В012 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының эдвайзерлері Р.Е.Каримова, А.Ж.Жакупова және «6В018 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының эдвайзері Ұ.Б. Төлешова студенттермен «Армысың, нұр-көктем» мерекелік іс-шара өткізді. Ұйымдастырылған мерекелік іс-шара мақсаты - Ұлыстың Ұлы күні - әз-Наурыздың ерекшелігін көрсете отырып, жас буынға ұлттық құндылығымыз бен мәдениетімізді дәріптеу.


Іс-шараға «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының бөлім басшысы Ұ.Қ.Қыяқбаева және педагогика және психология институтының оқу қызметін сүйемелдеуді ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Т.Ақжолова, қоғаммен байланыс және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Д.Т.Идирисов, «Маркетинг» бөлімінің жетекшісі Б.Жанкушов қатысып, студенттерді оффлайн форматта оқуға келулерімен құттықтап, алдағы оқуларына сәттілік тіледі. Ал алғаш университет табалдырығын аттап отырған 1-курс студенттері өз өнерлерін паш етіп, тамаша көңіл күй сыйлады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу