қазақша · русский · english
 
 
 
20.04.2022

Студенттер болашақ жұмыс орны - балабақшамен танысты

 

2022 жылғы 20 сәуірде Педагогика және психология институтының «6В012 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының эдвайзерлері Р. Е. Каримова мен А. Жакупова 1 курс студенттерін оқу практикалық аптасымен және болашақ кәсіби жұмысының ерекшеліктерімен, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің мақсат мен міндеттерімен және ондағы жүргізілетін қызмет түрлерімен таныстырды.

 

Осы іс-шара аясында студенттер Алматы қаласының №67 және №187 балабақшаларына барып, олардың ішкі өмірімен, әртүрлі технологиялық бағыттарда дайындалған және жабдықталған кабинеттермен танысты, тәрбиешілер мен балалардың шынайы қарым-қатынасын көрді. Балабақша меңгерушілері студенттермен әңгімелесті, олар болашақ маман-тәрбиеші болады, оларға өз кеңестерін берді және барлық сұрақтарға жауап берді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу