қазақша · русский · english
 
 
 
30.09.2022

Бірінші курс студенттері клубының жәрмеңкесі


2022 жылы 28 қыркүйектте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бас ғимаратында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен студенттік клубтар жәрмеңкесі өтті. Студенттік клубтар жәрменкесіне Абай университетінің ректоры Д.Н. Біләлов қатысып, студенттік клубтардың атқарылған жұмыстарымен танысып, сәттілік тіледі.

 

Студенттік клубтар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты 1-ші курсқа қабылданған студенттерге клубтарды таңдау үшін, болашақта шығармашылық қабілеттерін шыңдап, олардың белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру, дарынды жастарды анықтау, қызығушылықтарын оятып, достық қарым-қатынас орнату.

 

«Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында «Лидер», «Мейірім», «Айналайын» қуыршақ клубтары жұмыс жасайды: «Лидер» клубы - студенттердің селф - менеджмент дағдыларын, яғни кәсіби лидерлік сапаларын дамыту, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау; «Мейірім» клубы - студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін дамыту арқылы еріктілердің жұмысын ұйымдастыру; «Қуыршақ» клубы - болашақ педагог-тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру.

 

1 курстың студенттері өздеріне ұнаған клубтарына жазылды. Ескеретін бір жағдай «Лидер» клубына сол мезетте 71 студент қызығушылық танытып, мүшелікке жазылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу