қазақша · русский · english
 
 
 
07.10.2022

«Ұстаз - Ұлағатты есім» іс-шарасы


2022 жылдың 6 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменттінің ұйымдастыруымен «Ұстаз - ұлағатты есім» тақырыбындағы іс-шара қазақ халқының ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Абай» театрының қойылымымен ашылды. Мерекелік іс-шараға университет проректорлары, университет оқытушылары және студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты.

 

Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, еңбектерін бағалап, марапаттар тапсыру.

 

Ұзтаздарды марапаттау рәсімі бастау академиялық істер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесовке берілді. Проректор ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жас ұрпаққа білім, тәрбие беріп жүргендері үшін алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын және төсбелгілер табыстады.

 

Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасынан екі оқытушы марапатталды.

 

Аға оқытушы Дариға Азимбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталды. Қауымдастырылған профессор Анар Алимбекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтап, кәсіби еңбектеріне табыстылық, отбастарына амандық тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу