қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2022

Бітіруші курс студенттерінің өндірістік практикасы


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректор Д.Н.Біләловтың 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №05-09-09/183 бұйрығына және академиялық күнтізбеге сәйкес университеттің 4 курс студенттері 2022 жылдың 04 қараша 24 желтоқсан аралығында өндірістік практикаға жіберілді. Соның ішіндегі мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім бағдарламасы бойынша студенттер Алматы қаласына қарасты Медеу, Алмалы, Бостандық, Түрксіб ауданындағы №№ 109, 35, 144, 105, 30, 96, 156 т.б. мектепке дейінгі ұйымдарға барып, өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстыруда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандарты (03.08.2022ж., №348), Үлгілік оқу жоспары (09.09.2022 ж. №394), Үлгілік оқу бағдарламасына (14.10.2022ж. №422) енгізілген өзгерістерді терең түсіне отырып, практиканттар мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің танымдық-зияткерлік, коммуникативтік-тілдік, шығармашылық-зерттеушілік, денсаулық, және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын ұйымдастырылған іс-әрекет барысында дамытуды жүзеге асыруда. Практиканттарға аталмыш ұйым әдіскер-тәрбиешілері мен кафедраның әдіскер жетекшілері басшылық жасауда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу