қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2023

Ашық есік күні педагог мамандығымен таныстырды

 

2023 жылғы 23 ақпанда «Мейірім» клубының жарнамалық-насихаттаушылық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Г.К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының ерікті-студенттері университеттің «Ашық есік күні» кәсіптік бағдар беру іс-шарасында талапкерлерді болашақ педагогикалық мамандықты таңдау кезінде ақпараттық қолдау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырды.

 

Іс-шараның ақпараттық алаңдарында мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі У.Қ. Қияқбаева, сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы А.К. Айтпаева, Г.Т. Абылбақиева, М.А. Шауенова болашақ талапкерлерге бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді. Ерікті-студенттер талапкерлерге «Мейірім» клубын таныстырды, оқу және студенттік өмір кезеңінде оларға еріктілер жұмысы не үйреткенін, сондай-ақ университеттің оқу қызметінен тыс барлық бағыттары бойынша білім алушының әлеуметтік-педагогикалық, кәсіби және шығармашылық дағдыларын дамытуға қалай көмектескенін айтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


«Мейірім» еріктілер клубы




Кері оралу