қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2023

Педагогикалық практика бойынша қорытынды апталығы

 

2023 жылдың 23 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында Педагогика және психология институтының «6B01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенттері МКҚК №67 бөбекжай-балабақшасында педагогикалық практикадан өтті. Педагогикалық практикаға Алтынай Жакупова жетекшілік етті.


Педагогикалық практикада студенттер мекеме меңгерушісі Л.К. Гилмановамен және әдіскер К.К. Уйкасовамен ақылдаса отырып жұмыс жоспарын дайындап, өтетін ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер тақырыбы нақтыланды. Студенттер белгіленген уақытта ұйымдастырған іс-шараларын өткізіп, университетте өткен теориялық білімдер тәжірибесімен, педагогикалық шеберліктің алғашқы дағдыларын меңгерді.

 

Қорытынды аптада, 2023 жылғы 20-24 ақпанда шағын педагогикалық кеңес өткізілді, онда студенттердің оқу-тәрбие жұмысында байқалған артық және кем тұстары талқыланды. Студенттер жұмысына пікір айтылып, баға берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу