қазақша · русский · english
 
 
 
09.03.2023

Абай университетінің оқытушылары Ферғана мемлекеттік университетінде болды


2023 жылдың 25 ақпан - 5 наурыз аралығында ғылым және білім саласындағы университетаралық ынтымақтастықты дамыту үшін Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының оқытушылары профессор Р.Қ. Бекмағамбетова және доцент Г.Т. Абитова Ферғана мемлекеттік университетінде (Өзбекстан) болды. Сапар барысында мектепке дейінгі тәрбие факультетінің 2-3 курс магистранттары мен студенттеріне дәрістер оқылды.

 

Сондай-ақ Ферғана мемлекеттік университетінің ғылым жөніндегі проректоры профессор Исломжон Закиров, білім беру факультетінің деканы Бекзод Байжанов және мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының меңгерушісі PhD Илхомжон Солиевпен кездесіп, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми ынтымақтастық перспективаларын талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу