қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2023

М. Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш

 

2023 жылғы 6 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасында белгілі қазақ ақыны және қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Мен жастарға сенемін!» әдеби танымдық кеші өтті. Іс-шараны Педагогика және психология институтының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенттері «Лидер» клубының жетекшісі А.А.Алимбекованың жетекшілігімен дайындады.

 

Іс-шараға «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенттері, топ эдвайзерлері: Р.Е.Каримова, А.Ж.Жакупова қатысты. Әдеби-танымдық тәрбие сағатының мақсаты - болашақ педагогтерді Мағжан Жұмабаевтың еңбегіндегі педагогикалық идеяларының құндылықтарымен таныстыру. Ақынның еңбектерін мәнерлеп оқып, құнды идеяларына контенттік талдау жасалынды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу