қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2023

«Ұлттық рухың биік болса...» дәріс-конференция


2023 жылғы 7 сәуірде Абай университетінің Педагогика және психология институты «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту әдістемесі» пәні аясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс студенттерімен «Ұлттық рухың биік болса...» тақырыбында тәлімгерлік мақсаттағы дәріс-конференция өтті. Ұйымдастырушылар «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының оқытушылары: доцент Г.З.Таубаева және PhD А.Ж.Жакупова. Дәріс-конференция қонағы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ф.ғ.к. Р.Р.Әбішова. Іс-шара барысында студенттер Р.Р.Әбішованың ғылыми және шығармашылық еңбектерімен танысып, сұрақтарына жауап алды.

 

  alt=  

 

 alt=  

 




Кері оралу