қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2023

Абай университетінің профессоры Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде болды


2023 жылғы 17 сәуірде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессоры А.Е.Манкеш кәсіби бағдар жұмысымен Алматы облысындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде болып, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының бітіруші студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында 95 жылдық тарихы бар Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің болашақ педагог мамандарды дайындауда әлемдік деңгейдегі орны мен толағай жетістіктері туралы түлектерге кеңінен мағлұмат берді.

 

Колледж студенттеріне көрсетілген «Сәлем, Жас түлек-2023» және «Мамандығым-мақтанышым» көрсетілген бейнероликтер олардың қызығушылығын туғызып, студенттер өз білімдерін Абай атындағы ҚазҰПУ-да жалғастыруға толық мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу