қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2023

Мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған семинар

 

2023 жылғы 27 сәуірде №144 бөбекжай-балабақша базасында Әуезов ауданы тәрбиешілерінің өтінішімен Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессоры А.Е.Манкеш, 2-ші курс докторанты А.Ауезова семинар өткізді. Семинарда «Мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңарған білім мазмұны» тақырыбынан дәріс оқылып, ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіріп өткізудің әдістері мен оларды тиімді пайдаланудың жолдары практика түрінде көрсетілді. Мамандар заманауи технологиялармен оқытудың әдістері бойынша өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы да қызықты ғылыми негізде ұйымдастырылған семинар жұмысына ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу