қазақша · русский · english
 
 
 
13.06.2023

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің студенттермен кездесуі


2023 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Қазақстанның 25 өңірлік университетінің студенттерімен кездесу өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің ұйымдастыруымен өткен кездесудің мақсаты - «Coursera» білім беру платформасының курстарын қазақ тіліне локализациялауға бағытталған.

Аталған кездесуге Жобаның бас директоры Джефф Маджонкальда, жоғары оқу орындарының ректорлары, академиялық мәселелер жөніндегі проректорлары мен департамент директорлары және «Coursera» курсынан үздік нәтиже көрсеткен студенттер қатысты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен Педагогика психология институтының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс магистранты Мирасбек Гүлім қатысып, «Distinguished Excellence Award» номинациясымен марапатталды.


Марапаттау рәсімі Астана қаласындағы IT университетінде өтті. Іс- шараның ашылуында министр Саясат Нұрбек жалпы Coursera жобасының негізгі мақсаты туралы және алдағы уақытта қандай жұмыстар жүргізілетіні жайында баяндады. Coursera Inc. Бас директоры Джефф Маджонкальда және жобаның бас демеушісі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Жәмішев Болат «Coursera» жобасының міндеттері мен жоспарлары жайында тереңірек тоқталып өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу