қазақша · русский · english
 
 
 
20.06.2023

«Біздің балалар» қайырымдылық шарасы

 

2023 жылғы 19 маусымда «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық бағыты бойынша Г.Ширинбаеваның жетекшілігімен Облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында, балаларға тұрмыстық және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау мақсатында «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4-курс ерікті студенттері Г. Жезбаева, А. Тілеужан, З. Исағалиева, М. Сәрсембина, А. Зияханованың ұйымдастыруымен «Біздің балалар» қайырымдылық акциясы аясында іс-шара өткізілді. Іс-шараның бас демеушісі жеке кәсіпкер Ж.Шуменбаев мырза шаңсорғыш, микротолқынды пеш және балалардың барлық бөлмелеріне перделер сатып алу үшін 150 000 теңгеге сертификат табыс етті. Демеуші Р.Құдайбергеннің дәстүрлі тәтті тосынсыйына да балалар қатты қуанды.

 

«Мейірім» еріктілер клубы демеушілерге өмірлік қиын жағдайдағы балаларды әлеуметтік қолдағаны үшін зор алғысын білдіреді. Сіздерге денсаулық пен рухани күш тілейміз. Сіздің риясыз іс-әрекетіңіз қазіргі қоғам үшін бағдарлы қызмет болсын.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы




Кері оралу