қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2023

«Башен Баймұратованың еңбектеріндегі ұрпақ тәрбиесі» семинары


2023 жылдың 24 қазанында Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасына қарасты «6B01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының 2-3 курс студенттерінің қатысуымен «Башен Баймұратованың еңбектеріндегі ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында ғылыми-танымдық семинар өтті. Алматы қаласындағы тұңғыш қазақ балалар балабақшасының ашылуына тікелей қатысқан Башен Баймұратованы еске алуға арналған шарада мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелері; қазақ және орыс тілді балабақшаларға арналған оқу және әдістемелік құралдар мен оқу бағдармаларының мазмұны, мектепке дейінгі ұйымның болашақ мамандарын дайындаудың педагогикалық құндылығы туралы айтылды. Семинарда университет профессорлары Ә.С.Әмірова, А.Е.Манкеш және доцент Г.З.Таубаева Башен Баймұратованың өмірі мен шығармашылығы, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі, ғалымның қазақ және орыс тілді балабақшаларға арналған еңбектеріне терең талдау жасады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу