қазақша · русский · english
 
 
 
10.11.2023

Қонақ дәрістер оқылды


2022 жылы халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық аясында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Низами атындағы Ташкент педагогикалық университеті арасында келісімшартқа қол қойылды. Осы Меморандум негізінде 2023 жылдың 09 қарашасында Низами атындағы Ташкент педагогикалық университетінің профессоры Джамилова Наргиза «7М01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының 1 курс магистранттарына «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, әдістемесі және әдістері» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды. Сонымен қатар Низами атындағы ТПУ профессоры Бабаева Доно «6В01201-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» білім бағдарламасының 1-3 курс студенттеріне Өзбекстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі, білім беру бағдарламалары және олардың ерекшеліктері, білімді бағалау, мектепке дейінгі білім беру сапасы, мектепке дейінгі білім беруді өзгерту үлгілері, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының тығыз байланысы туралы қонақ дәріс оқыды.

 

Дәріс соңында студенттермен кері байланыс жүргізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу