қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2023

Педагогтарға арналған семинар-тренинг

 

2023 жылдың 11 қарашасында №117 ЖББМ-мен ынтымақтастық аясында Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Айгүл Ахметова және «6В01801 - Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенттері Ілияс Маржан, Марука Анель, Аубакирова Анель «Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетіндегі стрессменеджмент» пәні бойынша «ҰБТ-ға дайындық кезінде стрессті сәтті басқару» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

 

Тренингке мектептің әлеуметтік педагогы Коршунова Евгения, 11-ші сынып оқушыларына сабақ беретін пән мұғалімдері және сынып жетекшілері белсенді түрде қатысты. AP19679368 «Білім беруді цифрландыру жағдайында өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтаудың инновациялық технологиясы ретінде ертегі терапиясының интегративті тәсілі» тақырыбындағы жобаның нәтижелерінде «Күйзеліске төзімділік психологиялық денсаулықтың негізгі өлшемдерінің бірі» деп, айқындалған тұжырым өзекті болды. Трениг барысында күйзелістің симптомдары анықталып, стресттік жағдайдан шығудың жолдары қарастырылды. 11-ші сынып оқушыларына ҰБТ-ны тапсыру барысында стрессті басқару бойынша әдістемелік ұсыныстар тұжырымдалды. Семинар-тренингтің белсенді қатысушыларына Педагогика және психология институтының сертификаттары табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу