қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2023

«Ұлттық құндылық - ел болашағы» танымдық дәріс

 

2023 жылғы 16 қарашада Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасына қарасты «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Ұлттық құндылық - ел болашағы» тақырыбында ардагер-ұстаз Р.Р.Әбішова дәріс оқыды. Ұрпақ тәрбиелеу, олардың бойында отансүйгіштік, салт-дәстүрді құрметтеу, өз халқына, туған еліне деген мақтаныш сезімдерін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту болашақ ұстаздардың алдында тұрған басты міндет екені атап өтілді. Шара барысында студенттер белсенділік танытып, ұлттық тәрбие, рухани-адамгершілік құндылықтарға қатысты сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу