қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2023

Студенттер мен магистранттардың 78-ші ғылыми конференциясы


2023 жылдың 21-23 қарашасында Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында студенттер мен магистранттардың 78-ші ғылыми конференциясы өтті. Іс-шараға «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттері мен 1-2 курс магистранттары және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-4 курс студенттері қатысып, ғылыми баяндамалар қорғады.

 

Барлық қатысушылардың баяндамалары, олардың жас ерекшеліктеріне қарамастан, өз зерттеулерінің нәтижелеріне негізделген және жоғары ғылыми деңгейде ұсынылған. Конференцияға қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап беріп, пікірталас қызықты әрі мазмұнды болды. Конференция соңында кафедра профессор-оқытушылары қатысушыларға алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу