қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2023

Кітапхана - ғылым мен білім жаршысы!

 

2023 жылдың 24 қарашасында Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессоры Аксауле Манкеш және аға оқытушы Меруерт Шауенованың басшылығымен «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 және 4 курс студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына шолу экскурсияларына барып қайтты. Іс-шараның мақсаты - жастар арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау. Кітапхана - ғылым мен білімнің ордасы, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, олай болса сол байлықтын нәрімен сусындап өскен жас ұрпақтың келешегі жарқын болмақ. Экскурсияда студенттер кітапхана тарихымен, қор құрамы, дәстүрлі және электронды каталогтар, оқу залдарының орналасуы, кітапхана оқырмандарына ұсынылатын қызметтер туралы ақпараттармен танысып, қордағы ең көне туындыларды өз қолдарымен ұстап көру мүмкіндігіне ие болды. Кітапханашылар білімге ұмтылған оқырманның табылар жері - кітапхана, жаңа технология заманында да, кітап адамның ой-өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала беретінін айтып, студенттерімізге білім мен ғылым жолындағы қадамдарына сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу