қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2023

«Біз әлемді жақсартамыз!» ақпараттық акция

 

«Мейірімділік пен жанашырлық - әлемді өзгертеді, бұл жүректе өмір мен жан тектілігі бар екендігінің белгісі. Мейірімсіз ізгілік жоқ, ізгіліксіз даналық жоқ, ал даналықсыз ешқандай ішкі тыныштық болмайды».

 

Осы мәселенің негізінде 2023 жылғы 28 қарашада қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гүлбахираның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша ерікті студенттер Дүниежүзілік мейірімділік пен жанашырлық күніне орай «Біз әлемді жақсартамыз!» деген лозунгта ақпараттық акция ұйымдастырды.

 

Іс-шара Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің қолдауымен, Педагогика және психология институты директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Сәуле Шолтаеваның, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлболсын Қияқбаеваның қатысуымен өткізілді. Ерікті студенттер гуманизм идеяларын тарату мақсатында жүргізген «Әлемді жақсарту үшін не істеу керек?», «Мейірімділік не үшін қажет?», «Сіздің қоғамға риясыз қызмет етуге қосқан үлесіңіз?» блиц-сауалнамасы біздің университеттің барлық институттарының педагогикалық ұжымы мен студент жастарын біріктірді.

 

Бұл сауалнамада тақырыпқа байланысты көптеген ұғымдар берілді. Бірақ біз үшін ең негізгісі парыз бен ар-ождан, ішкі тыныштық, ой, сөз және істің бірлігінде өмір сүру ұмтылысымен байланысты «Өзіңді өзгерт және айналадағы әлемде өзгереді!» деген жауап маңызды болды. «Біз әлемді жақсартамыз!» тақырыбын талдау, диалогтық ортада адамгершілік-рухани ахуал туғызды, онда акцияға қатысушылар біздің жер планетамыздың сүйіспеншілігі үшін барлық адамдарды біріктіруге шақырған Дүниежүзілік мейірімділік күннің терең мағынасы мен моральдық құндылығын ашты.

 

«Мейірім» клубы адамзаттың рухани дамуы туралы өзекті тақырыптағы сауалнамаға белсенді қатысқаны үшін баршаңызға алғыс айтады. Сіздің белсенді жанашырлығыңыз әрқашан мейірімділік пен қайырымдылықта жүзеге асырылсын.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу