қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2023

4 курс студенттердің өндірістік практикасы

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғылыми кеңесінің 2023 жылғы 29 маусымындағы №10 хаттама шешімімен бекітілген Академиялық саясатының 239 - тармағына сәйкес Педагогика және психология институты «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының 4 курс студенттері 2023 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №96 бөбекжай-балабақша базасында өндірістік практикадан өтті. Өндірістік практикаға доцент Г.З.Таубаева жетекшілік жасады.

 

Студенттер бірнеше топқа («Балдырған», «Айгөлек», «Ботақан», «Еркемай», «Ақ көгершін», «Қызғалдақ») бөлініп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу-білім беру үрдісін жүргізе бастады. Практика барысында қоршаған ортамен таныстыру, математика негіздері, сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, сурет салу, құрастыру, т.б. ұйымдастырылған іс-әрекеттерін әртүрлі әдіс-тәсілдері және педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, қызықты да тартымды етіп өткізе білді.

 

Сонымен қатар, тәжірибеден өтушілердің жетекшілігімен «Балалардың денсаулығы-біздің қолымызда» тақырыбында ата-аналар жиналасы жаңа форматта, «Кел, балалар, ойнайық» ұлттық ойын, «Жол жүру ережелері», «Берекелі, мерекелі Алтын күз»іс-шаралар өткізілді. №96 балабақша әкімшілігі мен топ тәрбиешілері студенттерге ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу