қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2023

Шетел ғалымдары академиялық ұтқырлықпен дәріс оқыды

 

2021 жылдың 19 наурызында қол қойылған Абай атындағы ҚазҰПУ мен Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында 2023 жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Ажинияз атындағы НМПИ мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының меңгерушісі Айнагуль Бекимбетова мен аға оқытушы Гульбану Жумабаева Педагогика және психология институтына қарасты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасына академиялық ұтқырлықпен келді.

 

Академиялық ұтқырлықтың мақсаты - бекітілген екі жақты меморандум негізінде профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету; алдағы уақытта білім алушылармен мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ынталандыру; бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу; білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда бағдарламалардың салыстырмалы сатыларын енгізу; Орталық Азия жоғары білім беру кеңістігін құру.

 

Шетелдік қонақтар «6В(7М)01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы магистранттары және студенттерімен кездесіп, дәріс оқыды. Дәріс барысында Өзбекстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі, білім беру бағдарламалары және олардың ерекшеліктері, білімді бағалау, мектепке дейінгі білім беру сапасы, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының тығыз байланысы, қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру саласына қойылып отырған жаңа талаптар туралы баяндады. Өзбек ұстаздар білім алушылар мен ұжымдастардың жұмыстарына толағай табыстар тіледі. Сонымен қатар, университет мұражайымен танысты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу