қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2023

Абай университетінің оқытушылары Ресей университетінде тағылымдамадан өтті

 

2023 жылдың 26 ​​қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында AP19679368 «Білім беруді цифрландыру жағдайында жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтаудың инновациялық технологиясы ретінде ертегі терапиясының интегративті тәсілі» тақырыбындағы жобалық зерттеу аясында жоба жетекшісі Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Ахметова Айгүл, Өнер, мәдениет және спорт институты «Дизайн» кафедрасының профессоры Абишева Оңал, Филология институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Ержанова Феруза Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің Балалық шақ институтында тағылымдамадан өтті. Олар «Білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асырудағы ертегі терапиясының мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинарға белсенді қатысты. Семинарды жүргізген «Балаға тіл және әдеби білім беру» кафедрасының доценті Костюхина Марина. Іс-шара аясында Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде ертегі терапиясын қолданудың озық ресейлік тәжірибесімен танысты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу