қазақша · русский · english
 
 
 
26.03.2024

«Су айналымы: кеше, бүгін, ертең»: «Мейірім» еріктілер клубы экологиялық сағат өткізді


2024 жылдың 20 наурызында «Дүниежүзілік су ресурстары» күні қарсаңында Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің қолдауымен «Мейірім» клубы «Су айналымы: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында экологиялық сағат өткізді. Қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гулбахираның жетекшілігімен өткізілген шараны ерікті-студенттер Эргешева Алсу, Қошанай Мерей, Зиябек Таңшолпан, Дүзбаева Нұрайым, Мұқан Жәмила, Мухаметрахим Елдана, Қалмағанбетова Арай, Нұрбақытқызы Жанель,  Рахадова Ақбота, Абдуллаева Амина жүргізді.

 

Экологиялық сабақ тақырыбының өзектілігі Алматы қаласының мектептерінде жүзеге асырылған «Экологиялық клубтар» жобасының тәжірибелері негізінде ашылды. Сағаттың теориялық  бөлігі «Экологиялық клубтар» оқу бағдарламасының су ресурстары тақырыбында ғаламшар су айналымының кешегі, бүгінгі, ертеңгі жағдайы қарастырылды. Ал, сағаттың практикалық бөлігі "Экологиялық клубтар" жобасының нұсқаулығында баяндалған ойын сабақтарын өткізу әдістемесі бойынша арнайы құрылған «Сұрақ-жауап» жасыл шеңберде ұйымдастырылды. Іс-шарада бүкіл педагогикалық ұжым мен студент жастарға ойландыратын сауал:  "Сіз күн сайын қанша су жұмсайтыныңызды білесіз бе?", "Суды неге сақтау керек?» сынды блиц-сұрақтар қойылды. Шара соңында анықталған түйінді мәселелер негізінде студенттердің экологиялық еріктілік іс-әрекетін белсендіру қажеттілігі бойынша бірауыздан ұсыныстар қабылданды.

 

Іс-шараны өткізу - еріктілерге объективті тұжырымдар жасауға, болашақта жалпы ғаламшарға қиянат жасамаудың экологиялық аспектілерін қарастыруға мүмкіндік берді.

 

 "Мейірім" клубы адамзаттың рухани өсуіне, барлық адамдар үшін өткір проблемаға және су ресурстарын жауапкершілікпен тұтынуға бағытталған сауалнаманың өзекті тақырыбына белсенді қатысқаны үшін университет ұстаздары мен студенттеріне алғыс білдіреді.

                                                                                                                 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  "Мейірім" еріктілер клубы




Кері оралу