қазақша · русский · english
 
 
 
26.06.2024

Қазақстан зерттеушілеріне арналған ақпараттық орталық


2024 жылдың 25 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының докторанттары ғылыми кеңесшілер Гүлбану Абитова және Әсем Бұлшекбаевамен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының диссертациялар бөлімі жанындағы Қазақстан зерттеушілеріне арналған ақпараттық орталыққа және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың диссертациялық залына барды.

 

Орталықтың негізгі мақсаты: қазақстандық зерттеушілердің, докторанттардың, магистранттардың, ғылыми-зерттеу ұйымдары қызметкерлерінің және республика ғалымдарының ғылыми қызметін ақпараттық қолдау.

 

Жетекші кітапханашы Шолпан Салқанова диссертациялар қолжазбалар құқығында сақталатынын және Қазақстанның ғылыми мұрасын білдіретін ерекше қорғалатын құжаттарға жататынын атап өтті. Ол докторанттарға орталықтың негізгі ресурстарын: зерттеу қызметі саласындағы ғылым мен білімнің құқықтық және регламенттеуші құжаттарын, қазақстандық және ресейлік ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының рефераттық жинақтарын, Республиканың диссертациялық кеңестері және Қазақстанның ғылыми мекемелерінде бекітілген қорғаулар туралы ақпаратты, 1992 жылдан бастап қазақстандық ғалымдардың диссертацияларын, ТМД елдерін қоса алғанда, авторефераттарды, диссертациялар мен авторефераттардың электрондық және баспа каталогтарын, Қазақстанның ғылыми мекемелері мен кітапханалары туралы ақпарат ұсынды.

 

Диссертациялық залда РҰК диссертацияларының электрондық кітапханасына қол жеткізу арқылы докторанттар ғылыми кеңесшілермен бірге өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша диссертациялармен танысып, өз зерттеулерін жүргізу үшін қажетті материалды таңдады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу