Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
28.11.2024
Докторанттардың педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы 2024 жылдың 25 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өтіп, есебі тыңдалды.
2024/2025 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес 28.10.2024-23.11.2024 (5 апта) аралығында педагогикалық практикадан өтті. Практика барысында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының докторанттарына бейіндік пәндер бойынша ғылыми жетекші бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Қорытынды конференцияға 2 курс докторанттары және ғылыми жетекшілері қатысты. Қорытынды конференция барысында докторанттар практикалық жұмыс нәтижелерін таныстырды, жеткен жетістіктерін көрсетті және болашақтағы жоспарларына бағыт-бағдар алды.
Докторанттардың педагогикалық практикасы олардың ғылыми зерттеу мен оқыту қызметін байланыстырып, білім берудегі инновациялық тәсілдерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|