қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2024

Жобалау іс – әрекетінің өзектілігі

 

2024 жылдың 25 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті «6В01201- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім бағдарламасының оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес 3 курс студенттеріне «Жобалық іс әрекет негіздері» оқу пәнінен п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.О.Атимкулова ашық семинар сабағын өткізді. Жобалау іс - әрекеті педагогтардың шығармашылығын жүзеге асыруға және білім сапасының көрсеткіші ретінде қарастырылады. Семинар сабақ барысында педагогтардың құзіреттілік деңгейін және жобалау іс - әрекетіндегі сұрақтардың өзгерген динамикасын айқындау ортасын құруға негіз болатын теориялық білімдері тиянақталды. Студенттер жобалық іс-әрекетті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтап, жобаның құрылымдық элементтеріне сипаттама берді. Сабақта «Wordwall», Kahoot және тағы басқа цифрлық технологиялар пайдаланылды. Студенттер жобалық іс -әрекетінің негіздерін теориялық және практикалық негізде толық меңгерді.


Ашық сабаққа мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары қатысты: Ұ.Қыяқбаева А.Алимбекова, А.Айтпаева.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу